Әлемдегі теңдесі жоқ туристік кешен құрылысы қарқынды жүруде

Әлемдегі теңдесі жоқ туристік кешен құрылысы қарқынды жүруде

11 просмотров

Әлемдегі теңдесі жоқ туристік кешен құрылысы қарқынды жүруде

Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенін түркиялық «Sembol construction» мердігер компаниясы салып жатыр. Туристерді тарту мақсатында салынып жатырған құрылыстар саны өте көп. Алайда, аталған нысанның әлемдік деңгейде қаламызды таныту үшін атқарар қызметі орасан.

Аталған жоба өткен жылдың қараша айында Стамбулда өткен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы арқасында жүзеге асқан. Жыл басында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин арнайы ат басын бұрған «Керуен-Сарай» кешенінің бүгінде сыртқы қасбеті, ішкі әрлеуі мен қатар бөлмеаралық қыш қалау жұмыстары жасалып жатыр. Аймақ басшысы құрылыс барысымен танысып, оң бағасын берді.

Еуропалық және Орта Азия мәдениетін ұштастырған жоба құрылысына 920 дан астан құрылысшы жұмылдырылған. Құны 39 млрд теңгені құрайтынтуристік кешеннің әлемде теңдесі жоқ жоба екені сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *