ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ТҮРІ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ТҮРІ

4 просмотров

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ТҮРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді.

2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілетін болады.

Осы мақсатта Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округ әкімдігінде кепілді әлеуметтік пакет таратылды. Аталған іс-шараға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан қатысты.

Аймақтағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың ата-аналарына азық-түлік жиынтығы табысталды. Көп балалы аналар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, өз тілектерін жеткізді.

Ауданда 896 балаға азық-түлік және гигиена заттары жиынтығын беру жоспарлануда. Әлеуметтік іс-шара алдағы уақытта аудан көлемінде жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *