ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНУЫ ТИІС

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНУЫ ТИІС

5 просмотров

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНУЫ ТИІС

Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі! Бүгін біз оны қалай тәрбиелесек, болашағымыз сол деңгейде болатыны анық. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, кез-келген ата-ана өз перзентінің тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, оның күнделікті жүріп-тұруына, бос уақытын қалай өткізетіндігіне, баланың қандай адамдармен араласатындығына жете мән беруі керек. Тіпті, экранда не тамашалап, ғаламторды қандай мақсатта пайдаланып жатқандығы да қадағалауды қажет етеді. Жасөспірімдердің желілерде қүнұзақты жағымсыз жаңалықтар іздеуі олардың дұрыс әлеуметтенуіне кері әсер етеді. Соңдықтан, қазіргі кезеңде алдымен әлеуметтік желілер бақылауға алынуы тиіс деп ойлаймын. Сонымен қатар, компьютерлік ойындар да бала психологиясына кері әсер етеді. Жастар арасындағы қылмысқа бейімділік те осындай ойындардың әсерінен деп ойлаймын. Сондықтан да ата-аналар, педагогтар бірлесе жұмыс атқарып, жас талшыбықтардың түзу өсуіне күш салуы қажет. Елдің болашағы жастардың қолында екенін ұмытпағанымыз абзал.

Ақмарал Батырбекова,

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *