Әлеуметтік желіні шулатқан қарияға қатысты сот шешімі шықты

Әлеуметтік желіні шулатқан қарияға қатысты сот шешімі шықты

40 просмотров

Әлеуметтік желіні шулатқан қарияға қатысты сот шешімі шықты

Түркістан облысы Келестік әкімшілік соттың шешімімен «Chevrolet» пикапының егде жастағы жүргізушісіне айыппұл салып, бір жарым жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Chevrolet»автокөлігі жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзғанын анықтаған болатын. Тексеру барысында оқиға Келес ауданында орын алғаны нақтыланып, онда егде жастағы ер адам пикапты басқара отырып жол ережесін өрескел бұзған. Оған қоса қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Лада» автокөлігімен соқтығысқан.Нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны «Chevrolet» жүргізушісіне қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 4 бірдей бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды: 593 бап » Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 601-бап » жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау», 610-бап » көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзуы «және 611-бап «жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы».

Әлеуметтік желіні шулатқан қарияға қатысты сот шешімі шықты

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы жиналған материалдар Келес ауданының сотына ер адамды жүргізуші куәлігінен айыру мен әкімшілік айыппұл салу үшін жолданған болатын. Жол көлік оқиғасына кінәлі егде жастағы жүргізушінің «Лада» көлігінің жүргізушісіне материалдық шығынын өтегенін ескере отырып, Түркістан облысының Келес аудандық соты құқық бұзушыға 8 АЕК есебінде айыппұл салып, 1,5 жылға дейін автокөлікті басқару құқығынан айырды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері үнемі автокөлік иелерін жолда тәртіпті болуға, жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. Жол ережелерін өрескел бұзу қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Өз өміріңіз бен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне сақ болыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *