ӘЛІПБЕК ӨСЕРБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

ӘЛІПБЕК ӨСЕРБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

270 просмотров

Әліпбек Өсербаев

Түркістан десе Әліпбек Өсербаевтың аты қатар аталатыны жасырын емес. Себебі, облыс орталығы атанбай тұрып рухани шаһардың гүлденуі мен жаңа статусқа ие болған шаһардың түлеуіне үлкен үлес қосып, ел ішінде есімі жақсы жағынан жиі аталатын. Бүгін мезгілсіз келген ажалдан Әліпбек Шәріпбекұлы жарық дүниемен қоштасты. Марқұмның жанұясы мен туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Ә.Өсербаев — 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер-химик-технолог. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті ретінде бастаған. 1986-2014 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, «Қуат Суиндустрия» АҚ, «KazakhConstruction Industry» АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалдарының директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі болып лауазымдарын атқарған. Сонан соң Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, қайта түлеген Түркістанның әкімі лауазымындарында қызмет етіп, ғұмырының соңғы жылдарында Ордабасы ауданының әкімі болған. Арда азаматтың аты тек түркістандықтардың ғана есінде емес өңір жұртшылығының жүрегінде қалары анық.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *