ӘРБІРІМІЗДІҢ ӘРЕКЕТІМІЗ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ӘРБІРІМІЗДІҢ ӘРЕКЕТІМІЗ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

25 просмотров

ӘРБІРІМІЗДІҢ ӘРЕКЕТІМІЗ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауы елдегі қазіргі ахуалға байланысты жан-жақты сараланып, еліміздің ендігі қадамдарын анықтап берген бағыт-бағдар болды.

 Жолдауда Қазақстан Президенті еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атап өтті. Ұзақмерзімді мұнайлы супер кезең аяқталғанын жеткізді.

Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастырып, Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілуі керек деді. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлінуі қажет. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделуі тиіс екендігін айтып, басым бағыттарды атап өтті.

Президенттің айтуынша, біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөлінуі қажет. Екіншісі– жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші– әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші –өндіріс көлемін арттыру. Бесінші– адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы –қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, жетінші –мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі. Біз бәсекелесе отырып, өзіміздің әлеуетімізбен еңсеруіміз қажет екенін айтты.

Жалғасбек Сабиров,

Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірме жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *