«ӘРТҮРЛІ-ТЕҢ» ФЕСТИВАЛЬ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАЭКВОН-ДО СПОРТЫНАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ТУРНИРІ ӨТТІ

«ӘРТҮРЛІ-ТЕҢ» ФЕСТИВАЛЬ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАЭКВОН-ДО СПОРТЫНАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ТУРНИРІ ӨТТІ

21 просмотров

«ӘРТҮРЛІ-ТЕҢ» ФЕСТИВАЛЬ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАЭКВОН-ДО СПОРТЫНАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ТУРНИРІ ӨТТІ

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Отанымыздың келешегі көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау, қолдауда.

Осы орайда Төлеби ауданы әкімдігінің қолдауымен, Таэквон-до спорт федерациясы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, Төлеби аудандық білім бөлімінің, аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен ауданның мемлекеттік құрылымдары мен қоғамдық инклюзивті қызметін қолдау мақсатында «Әртүрлі-тең» фестиваль шеңберінде Таэквон-до спортынан ашық біріншілік турнирі өтті.

Турнирге Ташкент, Тараз қаласы, Сарыағаш ауданы, Шымкент қаласы және Төлеби ауданынан жиналған 150 таэквондошы қатысты. 6 жастан жоғары жас спортшылар бақ сынаған сайыс, Таеквон-до спортын насихаттау және дамыту, спортшылардың шеберліктерін шыңдай отырып, өзара достық қатынастарын арттыру, спортпен тұрақты айналысушылар арасынан үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Сонымен қатар, фестиваль аясында мүмкіндігі шектеулі және өзге де ерекшеліктері бар балалардың өз қолдарымен жасаған жұмыстары көрсетілді. Көрмеде балалардың әртүрлі техникада орындалған кесте тігу, бисермен және ілмек бізбен тоқу, дәндерден аппликация және басқа да таңғажайып жұмыстары ұсынылды. Әр баланың көрмеге атсалыса қатысуы оның мүмкіндіктерін ашуға өз септігін тигізері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *