
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 20 сәуірден бастап 50 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған болатын. Олар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында күн-түн жұмыс жасауда.

⠀
Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы арнайы жиынға қатысушылармен кездесіп, олардың жұмыс барысымен, жасалып жатқан жағдайлар, азық-түлік, қорғаныш құралдарымен қамтылуын бақылап, білді. Блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, халық көп шоғырланған аумақтарда патрульдік қызметте және карантин режимінің сақталуына көмек көрсетті. Залалсыздандыруды жандандыруды тоқтатпаған жігіттер 19 мамырға дейін қызметін жалғастырады.
⠀
Рашид Абатұлы олардың күнделікті қалаға жанашырлық танытып, қызмет етуіне алғысын білдірді.
⠀
Айта кетейік, әскерилер қатарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары мен қала әкімінің аппарат басшысы да бар.