ӨКІЛ ИМАММЕН ӨТКЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ

ӨКІЛ ИМАММЕН ӨТКЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ

76 просмотров

ӨКІЛ ИМАММЕН ӨТКЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ

Түркістан облысының өкіл имамы және “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” мешітінің бас имамы Мұсабек Ақтамберді мырзамен кездесуіміз мағынаға толы болды. Таяуда ғана Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың тағайындауымен «Рухани астанаға» табан тіреп, қасиетті өңірдің руханиятын өркендету жолында жауапкершілік жүгін арқалаған Мұсабек Ақтамбердіұлымен болған аз-кем сұхбатымызда келелі ойлардың тиегін ағытқандай болдық. Өзінің ерекше құрметін білдірген имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаның жетекшілігімен жарық көрген «Ислам Жанұясы» атты тәрбиелік мәні зор кітапты сыйға тартты. Әрбір отбасыға өнегелі өмір қағидатын меңзейтін жинақты ыстық ықыласпен қабыл алдық. Бұдан соң Мұсабек Ақтамбердіұлы біздің «Түркістан» газетінің ұжымына сәттілік тілеп, әрбір мешіт имамдарының қоршаған ортада болып жатқан жайлардан шет қалмасы үшін жергілікті ақпарат құралдарының маңызы зор деген пікірін білдірді. Шын мәнінде солай. Жамағат алдында имандылық бағытында уағыз айтатын мешіт имамдары үшін қала аумағында орын алып жатқан жаңалықтардың маңызы ерекше. Елбасы саясатын ту етіп, қоғам тұрақтылығы тұрғысында ақпараттар легі мен ойлы мақалаларды оқырман назарына ұсынып отырған газетімізге қолдау білдіріп, сенім артып отырған облысымыздағы руханият әлемінің жаршылары — дін өкілдерінің бізге деген сенімі үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол үдеден шығу мақсатында редакция ұжымы тағылымы мол жарияланымдарды оқырман назарына ұсынуға әркез асықпыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *