ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

26 просмотров

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық лездеме отырысында еліміздегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз етуде үздіксіз қызмет ететін ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына оң баға берді. Аймақ басшысы Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан жолаушылар автобусындағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 50 адамды шұғыл түрде анықтап, қауіптің алдын алған полиция саласы өкілдерінің қырағылығын атап өтті. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде барлық жолаушылар оқшаулануға алынып, тиісті медициналық тексеруден өтуде. Карантинге жатқызылған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Жиналыста баяндама жасаған Түркістан облыстық ІІД басшысы Қайрат Дәлбеков атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып айтып берді. Белгілі болғандай, қауіп төндірген қалааралық автобустың жүргізушісінде жолаушылар туралы ақпарат мүлдем болмаған. Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы «Шақпақ» бақылау бекетінен өткен кезде блок-пост қызметкерлері жолаушылардың жеке басына қатысты мәліметтерін жазып алған. Пандемияның алдын алу мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенді қауіпсіздік шараларын қабылдағаны белгілі. Сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок-пост қойылды. Олар елдімекендерде, теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Отырыс барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық бақылау бекеттерінде «Сергек» камераларын орнатуды міндеттеді.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Жиналыста «Жібек жолы» кеден бекетінің алдында шоғырланған шетел азаматтарының тағдыры жайлы да айтылды. Бірнеше күн бойы оларға барлық жағдай жасалып, арнайы ашылған лагерьге орналастырылды. Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, 1777 азамат Өзбекстан Республикасына өткізілді. Тағы жүзден астамы отандарына оралуды күтіп отыр.

Жыл басынан бері короновирусқа қатысты Полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабымен, Көрінеу жалған ақпарат тарату деректері бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар: Кентау Түркістан қалалары, Мақтарал, Шардара, Келес, Жетісай аудандарында орын алған.

Жалпы облыс аумағында 112 ірі сауда орталықтары, 103 базарлар, 33 автовокзалдар, 1 кинотеатр, 1133 кафе-барлар орналасқан. Облыс аумағында барлық елді мекендерде той-томалақ өткізген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатын ескертілді. Төтенше жағдай режимінде Департаментке жүктелген міндеттер қатаң бақылауға алынып, тиісті барлық іс-шаралар атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *