ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ - БАСТЫ МІНДЕТ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

96 просмотров

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ - БАСТЫ МІНДЕТ


Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді.
«Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен жазылып отбасына оралды.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ - БАСТЫ МІНДЕТ

Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар бір-бірімен аулаларда бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыста жүр. Бұл дұрыс емес. Аталған вирус қазір облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап барады. Алдын алмасақ, салдары жаман болмақ. Балаларға жұққан ауру оның бойында білінбегенмен, үлкен қарияларға жұқса, оларға өте ауыр тиеді. Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек», деді Ө. Шөкеев.
Атап өтейік, соңғы ақпаратқа сәйкес, облыста коронавирустық инфекцияның расталған 337 жағдай тіркелген. Оның ішінде 187 адам қазіргі таңда ауруынан айығып, үйлеріне оралды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *