
Кеше сағат 17.41-де Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына Түркістан-Қызылорда тасжолы бойында Nexia автокөлігінің өртенгені жайлы ақпарат түсті. Мамандар өртті 18.14-те сөндірді. Дегенмен, автокөліктің толығымен өртену жайты орын алды. Ал, автокөлік иесі де, жол қозғалысындағы өзге азаматтар да зардап шеккен жоқ.⠀Жалпы, өртті сөндіру үшін 2 техника және 6 қызметкер жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Алайда, өрт автокөлікке жүргізілген электр желілерінің қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы