
«Сайрам тазалық» ЖШС мекемесінің қызметкері серіктестіктен техникалық шарт рұқсатын алмай жеке кәсіпкерлік ғимаратын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін Ақсукент ауылы Құрылысшы көшесі №10 көп қабатты тұрғын үйдің маңында қазу жұмыстарын жүргізген.
Нәтижесінде, ауыз су құбырын зақымдаған. Қазіргі таңда зақымдалған ауыз су құбырын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ал өз бетінше әрекет еткен серіктестік қызметкеріне қатаң ескерту беріліп, қазылған жерлер қайта көмілетін болды.