«1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«1 МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

9 просмотров

«1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мақтааралдық полицейлер Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың  2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты және  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай оқушылар арасында байқау ұйымдастырды.  Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалықты қалыптастыру, татулықты және бірлікте болу.

Аталған іс-шараға 10 жасқа дейінгі балалар қатысып, еркін тақырыпта сурет салды. Жарыста әр мектептен келген оқушылар өзінің ерекше қабілеттерін көрсетті. Атап айтар болсақ, I орынды Бекнұр Оразбай, II орынды Айшабибі Өміртай,  III орынды Көркем Оңалбайқызы иемденді. Полицейлер оларға сыйлықтар беріп, бөлім бастығының грамотасымен марапаттады.

Іс-шараға қатысқан балалар тәртіп сақшыларына осындай шара ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

 

 

          Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.