1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Ашық есік» күні өткізілді

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Ашық есік» күні өткізілді

11 просмотров

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Ашық есік» күні өткізілді

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Ашық есік» күні өткізілді. Өрт сөндіру бөліміне жақын орналасқан жалпы білім беретін мемекемелердің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі мен қызметте қолданылатын барлық құрал-жабдықтары және өрт сөндіру техникалары таныстырылды. Өрт сөндірушілер құтқарылған адамдардың өмірлері жайындағы оқиғаларды айта отырып, шұғыл әрекет етумен бірге батырлықты, жігерлікті талап ететін мамандық екендігін жете түсіндіріп өтті. Қызығушылықтары арта түскен оқушылар өрт сөндірушілерге ерекше құрметпен алғыстарын айтты. Мамандық иесі атануға ниет білдірген оқушыларға Бөлімнің бас маманы азаматтық қорғау лейтенанты А.Қырықбай «Көкшетау технкалық институтына» түсу туралы түсіндірді. 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 28 ақпан – 02 наурыз аралығында барлық жалпы білім беретін мекемелерде азаматтық қорғанысқа бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *