1 сыныптағыларға онлайн оқу болмайды

1 сыныптағыларға онлайн оқу болмайды

16 просмотров

1 сыныптағыларға онлайн оқу болмайды

Елдегі жағдайға байланысты биыл тек 1-сыныпқа қадам басатын балалар сабақты мектепке барып оқитыны белгілі. Ал қалған сыныптардың барлығы да қашықтықтан білім алатын болады. Бұл ретте ғаламтордың қажеттілігі туындайды. Осыған орай Түркістан қалалық әкімдігінде өткен апталық мәжілісте интернеті нашар аумақтарда, ғаламтор күшін көтеру үшін құзырлы мекемелермен келіссөздер жүргізіліп жатқандығы сөз болды. Жағдайы төмен отбасылардың мектепте оқитын балаларын компьютермен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы қаралуы үшін сұраныс жіберілгендігі тілге тиек етілді.
 

Одан өзге, мектеп, директорлар, мұғалімдер рейтингісі анықталады. Ол үшін мектеп оқушылары, ата-аналар «Online Mektep» платформасы арқылы дауыс бере алады. Мектепке жұмысқа кіру де онлайн түрде жүзеге асырылады. Рашид Абатұлы мектептердің барлығы бір деңгейде болып, «орта мектеп», «гимназия» деп бөлмес үшін, рейтинг жасаудың маңызы зор екенін алға тартты.

Сонымен қатар, мәжіліс барсында шаһар басшысы неліктен 1-сыныптың оқушылары онлайн оқымайтындығын айтып өтті. «Әліппені ұстаз көмегімен үйрену маңызын ескере, бір сыныпта 5-10 баладан аспайтындай ете арақашықтық сақтап, бетперде, антисептик қолдана, білім беретін боламыз. Ол үшін сыныптар жеткілікті. Себебі, басқа сынып оқушыларының барлығы қашықтықтан оқитын болады», — деді Рашид Абатұлы.

«Аймақ-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *