ШЫМКЕНТ: 107 МЫҢ ТҰТЫНУШЫ ІШКІ ГАЗ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МЕКЕМЕЛЕРМЕН КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАСТЫ

ШЫМКЕНТ: 107 МЫҢ ТҰТЫНУШЫ ІШКІ ГАЗ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МЕКЕМЕЛЕРМЕН КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАСТЫ

15 просмотров

ШЫМКЕНТ: 107 МЫҢ ТҰТЫНУШЫ ІШКІ ГАЗ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МЕКЕМЕЛЕРМЕН КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАСТЫ

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғ.Өтенбаев газ-техникалық инспекция бөлімінің 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндады.
Шымкент қаласында бүгінгі таңда үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында 185 605 газ пайдаланушының 107 мыңы (58 %) ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасасты. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердегі тұтынушылардың саны 66 мың (62 пайыз), ал жеке сектордағы үйлердегі тұтынушылардың саны 41 мың (38 пайыз).
Қалада ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші 13 мамандандырылған ұйым жұмыс істеуде.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 1 102 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтардың үйлеріне газдабылқаққыштар (газосигализатор) орнатылған. Аталған жұмыстар жеке демеушілер есебінен атқарылған болатын.
Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары пайдалануға берілген 2192 пәтерге САКЗ-МК-2-1 маркалы газдабылқаққыштар орнатылған. Ал, 2021-2022 жылдары құрылысы жоспарланған 2424 пәтерге аталған газдабылқаққыштар орнатылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *