109 - ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІМІН НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАЙДЫ

109 — ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІМІН НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАЙДЫ

22 просмотров

109 - ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІМІН НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Түркістан қаласы әкімдігінде 109 қызметі, яғни Бірыңғай байланыс орталығы ресми түрде іске қосылды.

109 - ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІМІН НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық қазірде операторлармен және қажетті мамандармен толыққан. #АшықӘкімдік, #ХалықтықӘкімдік жүйесін қолға алған Түркістан қаласының әкімдігі бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келіп, уақыт жоғалтпауының алдын алмақ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір тәсілі. Яғни, қала әкімі мен әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына келіп түскен пікірлер ішіндегі сұраным, өтінім мен шағымдарды аталған 109 қызметі өз назарына алып, тіркеп отырады.

Одан өзге, шағымдарға жауап беру нәтижесінде әкімдіктің қызметкерлеріне, яғни қала әкіміне және орынбасарларына пайыздық көрсеткіш беріледі. Ол орынбасарлардың құзіретіне кіретін жауапты бөлімдердің шағымдарға назар аударуы нәтижесінде белгілі болады. Мұны көруге арналған лэд-экран облыс және қала әкімінен өзге 109 бірыңғай байланыс орталығында және арнайы бағдарламада ашық көрсетіледі.

Айта кетейік, техникалық түрде 2 қарашадан бастап іске қосылған жүйеде қазіргі таңда 1000-нан астам өтініш қабылданып, оның 99 пайызы шешімін тапқан. Қазірде 109 — байланыс орталығының Instagram (@turkistan109), Telegram (Turkistan 109) WhatsApp (87071093109), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары және «Amazing Turkistan» қосымшасында ашылған бөлімі өтінімдерді қабылдауға дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *