Түркістанда кәріз жүйесімен қамтылған үйлердің саны арта түспек

Түркістанда кәріз жүйесімен қамтылған үйлердің саны арта түспек

4 просмотров

Түркістанда кәріз жүйесімен қамтылған үйлердің саны арта түспек

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы кәріз жүйесі құрылысының барысын аралап көрді. Қазіргі таңда «Тұран» мен «Ыждыхат» тұрғын үй алабы аумағында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» тапсырысымен жүзеге асқан жұмыстар аумақ тұрғындары үшін тек қолайлы орта қалыптастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орны болып та табылды.

Түркістан–Кентау бағыты бойындағы көшелердің екі жақ бетінде алғашқы құрылыс былтыр басталған. Жыл соңына дейін жоспарлы жұмыстардың бірқатары аяқталады деп күтілуде. Мұнда атқарылар жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 14000-ға жуық абонент кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.

Одан өзге, М. Әбенова көшесінде болған Нұрбол Әбдісаттарұлы тасжолдың көлік қозғалысы үшін қолайсыздық туындататынын назарға алып, құрылыс құжаттамасын толығымен қайта қарайтынын атап өтті, нәтижесіне сәйкес көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.