2020 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫ ЖАҢАША КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

2020 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫ ЖАҢАША КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

150 просмотров

2020 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫ ЖАҢАША КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Бұл жөнінде Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шалхарова Әлия Богданқызының Шымкент зообағы жұмысымен танысу барысында айтылды. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың мәдениет саласын жандандыру бағытында тапсырмаған күн тәртібіндегі міндеттемелерінің бірі көпшілік келіп, серкендеуге арналған өңіріміздегі жалғыз зообақты жандандыру. Мекеменің тыныс-тіршілігімен танысқан Әлия Богданқызы алдағы уақытта салынатын вольерлердің жобаларын көрді. Сонымен қатар ТМД елдеріндегі зообақтарындың ешбірінде жоқ «Африка» аймағын аралап, ағымдағы жылы пайдалануға берілген «Түнгі әлемдегі» ерекше жануарларды тамашалады. Әлия Шалхарова зообақ жұмысына оң баға беріп, жобадағы жұмыстар сәтті аяқталғанда, мұнда келушілер саны артатынына сенім білдірді. 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатын Шымкент қаласының келбеті мен қонақтар қызығушылығын тудыруға арналған шаралар аясында зообақ мекемесінде де ерекше тың жобалар жүзеге аспақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *