ШЫМКЕНТ: "Бастау Бизнес" жобасына 7 шілдеде өтініштер қабылданады

ШЫМКЕНТ: «Бастау Бизнес» жобасына 7 шілдеде өтініштер қабылданады

22 просмотров

ШЫМКЕНТ: "Бастау Бизнес" жобасына 7 шілдеде өтініштер қабылданады

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарға жолдама беру онлайн форматта жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан үміткерлердің мәртебесі жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға қосымша тек 160 азаматқа жолдама беріледі.

Үміткерлердің құжаттары (жеке басын куәландыратын құжаты, өтініші) Telegram желісіндегі @BastaubusinessBot мекен-жайы бойынша 2021 жылдың 7 шілде күні 09.00-ден 160 азаматтан өтінім түскенге дейін қабылданады.
Өтінім беру бейнеролигінің үлгісі қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының Instagram әлеуметтік желідегі zhumispen.kamtu және Facebook-тегі «Шымкент жұмыспен қамту орталығы»парақшаларында көрсетілген.
Ескерту: telegram-bot 7 шілде күні іске қосылады.

Оқыту курстарына төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:
✓Тұрғылықты мекенжай Шымкент қаласы, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар;
ҚР Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде:
✔️- ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;
✔️- мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;
✔️- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
✔️- жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар;
✔️- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
✔️- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;
✔️- қоныс аударушылар және оралмандар.
Оқу мерзімі 21 күннен аспайды.
Бағдарлама аясында оқуды бітірген қатысушыларға сертификат беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.