ШЫМКЕНТ: Балаларға арналған тегін үйірме ашылды

ШЫМКЕНТ: Балаларға арналған тегін үйірме ашылды

37 просмотров

ШЫМКЕНТ: Балаларға арналған тегін үйірме ашылды

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы шеңберінде «30 игі іс» акциясы және «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында бұқаралық спорт түрін дамыту мақсатында Шымкент қаласында спорт түрлерінен тегін үйірме ашылды.

Тегін үйірме ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» марафоны аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арналып ашылған.

Аталмыш үйірме Абай ауданыны, Қазығұрт мөлтек ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына жазғы демалыстағы уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылып отыр. Салауатты өмір салтын ұстау мақсатында жастарға спорттың бокс, кикбоксинг, дзюдо және таэквондо түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылған.

Игі бастамаға демеушілік жасап отырған жас кәсіпкер, бокс бапкері Журкаев Ережеп Орынбасарұлы өз қаражатына үйірме ғимаратын көтеріп, ондағы жаттығуға қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етіп отыр.
Келешекте жастар арасынан еліміздің туын биікке көтеретін чемпиондар шығатынына сенімдіміз, — дейді бокс бапкері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.