ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

24 просмотров

ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Бүгін Еңбекші ауданына қарасты «Күншығыс» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сенбілік жұмыстарына Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсене қатысты.

Сенбілікте балалар ойын алаңшаларындағы ойын элементтерін және орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратын ағаш бұтақтары қырқылып, аула сыпырылды.

Аталған жұмыстарға ауданның тазалығына жауапты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бəйтерек ЛБ» ЖШС, «НұрТау сервис» ЖШС, «Арнайыавтокөлік» ЖШС, «Инком» ЖШС, « ИП Борақпаев Bilb Stroi» ЖШС,»Техэкосервис» ЖШС-і тарапынан 10 арнайы техника мен 150-ге жуық адам жұмылдырылды.

Ауданның тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Әл-Фараби ауданына қарасты Жангелдин 22, 22 а, 16 аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Оған Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің еріктілері қатысты.

Сенбілікте балалар ойын алаңшаларындағы ойын элементтерін және орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратын ағаштар қырқылып, аула сыпырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.