ШЫМКЕНТ: Жалдамалы тұрғын үйді жалдау шартының бұзылуы

ШЫМКЕНТ: Жалдамалы тұрғын үйді жалдау шартының бұзылуы

34 просмотров

ШЫМКЕНТ: Жалдамалы тұрғын үйді жалдау шартының бұзылуы

Шымкент қаласы бойынша жалдамалы тұрғын үй кезегі санаттары бойынша баспанамен қамтылған 6456 азамат тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ай сайын төлем енгізуге міндеттілер қатарында. Алайда оның ішінде жалдамалы баспанамен қамтылған кей азаматтардың ай сайынғы пәтер берешегін уақытылы өтемеуі немесе мүлде төлемей қою фактілері анықталып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй бақармасының басшысы Азамат Рысжанов мемлекеттік мекемелермен өткізілген онлайн жиналыста мәлімдеді.

Қазіргі таңда алты ай және одан көп мерзімде тұрғын үй қарыз берешегі төленбеген пәтер иелері бойынша тұрғын үй басқармасымен мемлекеттік мекемелер арасында тиісті шаралар көру сынды бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жалдау шартының негізінде жалға алушы аталған шарттың талаптарына сәйкес белгіленген мөлшерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін уақытында төлем енгізуге міндетті.

Жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін әр айдың 5 не дейін төлем төленбеген жағдайда өсімпұл жүріп отырады. Азаматтар бұл бойынша хабарлама алған күннен бастап 3 күн ішінде берешегін төлеп, растайтын құжаттарын басқармаға өткізулері қажет.

Айта кету керек, ағымдағы жылға сәйкес жалдамалы баспаналардың ай сайынғы төлем ақысы жобамен есептеу бойынша ; 1 бөлмелі пәтерге –айлық төлем жобамен – 6500-7300 теңге аралығында, ал, 2 бөлмелі пәтерге — айлық төлем жобамен – 9500-10 000 теңге аралығында болса, 3 бөлмелі пәтерге –айлық төлем жобамен — 12 000-13 500 теңгенің аралығындағы соманы құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.