ШЫМКЕНТ: Жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы

ШЫМКЕНТ: Жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы

37 просмотров

 

ШЫМКЕНТ: Жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы

Шымкент қаласында орналасқан трансформатор зауыты – Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың бірі.

Зауыт Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылған. Бұл күнде электротехникалық компанияның құрамында электроэнергетика, электромашина құрылысы және құрылыс саласын жүргізетін 30-дан аса кәсіпорындар мен зауыттары бар.

Кәсіпорын кернеуі 110 кВ-дан 500 кВ-ға дейінгі автотрансформаторлар және күшті май трансформаторлар, сонымен қатар реакторлар өнімін шығарады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 12 мың МВА-дан жоғары және 120 трансформатор шығаруға қауқарлы.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында 12 гектар аумақта орналасқан жоғары технологиялы зауыт Қазақстандағы электротехникалық жабдықтарды жетекші өндіруші «Alageum Electric» компаниясының құрамына кіріп отыр. Еліміздің электротехникалық саласын дамытуда зор маңызы бар кәсіпорын жабдықтары өзіндік бірегей технология бойынша жасалған.

Сондай-ақ, кәсіпорын отандық құрылыс материалдарын пайдаланады, тек зауыт ішіндегі арнайы қондырғылар ғана Украина және т.б. елдерден келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын өндірілген өнімдерін ішкі нарыққа ғана емес, Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстанға, Қырғызстанға, Иранға, Ауғанстанға экспортталады. Айта кетейік кәсіпорын 500-ден астам қала тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.