ШЫМКЕНТ: Симуляциялық орталықта барлық құрылғылар автоматтандырылған

ШЫМКЕНТ: Симуляциялық орталықта барлық құрылғылар автоматтандырылған

40 просмотров

ШЫМКЕНТ: Симуляциялық орталықта барлық құрылғылар автоматтандырылған

Шымкентте жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған жедел жәрдем станциясының симуляциялық орталығы ашылды.

Орталықта жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық және адам өміріне қауіп төнген жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша кәсіби біліктіліктерін артырады. Ол үшін көп функциялы оқу манекені мен автоматты сыртқы дефибриллятор сынды 50 түрлі оқыту құрылғылары бар.

Оқытуға арналған жабдықтар автоматты түрде жұмыс істейді. Яғни, практикалық тұрғыда жедел көмек көрсету барысындағы маманның дұрыс әрі бұрыс әрекетін құрылғы арнайы түстер арқылы бағалап, бағыт-бағдар беріп отырады. Жаңадан ашылған станциясына төрт орындық санитарлық көлік берілді.

Заманауи жабдықталған автомабильде өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор және кардиостимулятор, реанимация сөмкесі, күйікке қарсы құрылғылар сынды жедел көмек көрсетуге арналған құрал-жабдықтардың барлығы бар.

Айта кетейік, қаладағы жедел жәрдем станциясы жанынан ашылған симуляциялық орталық еліміздегі жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған жалғыз орталық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.