Шымкент: Онлайн форматта тұсауы кесілген кәсіпкерлік нысандар

Шымкент: Онлайн форматта тұсауы кесілген кәсіпкерлік нысандар

13 просмотров

Шымкент: Онлайн форматта тұсауы кесілген кәсіпкерлік нысандар

Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай онлайн форматта тұсауы кесілген кәсіпкерлік нысандарының бірі — дөңгелектер, бақша арбалары және баспалдақтар өндіретін «TABA INDUSTRIAL» ЖШС.

Жобаға 498,8 млн теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Жоба жылына 150 000 дана дөңгелек, 300 000 дана бақша арбасы, 60 000 дана баспалдақ шығаратын болады. Өндіріс «Тассай» индустриялық аймағында 0,6 гектар аумақта орналасқан.

Бүгінде «Тассай» индустриялық аймақта жалпы құны 28,1 млрд теңге құрайтын 18 жоба іске асырылып, онда 800-ге жуық жұмыс орны ашылған. Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген.
Жыл соңына дейін қосымша 70 жаңа жұмыс орнымен 2 инвестициялық жоба іске қосылатын болады.

Сонымен қатар, «СК-АЙМАҚ» ЖШС шкаф жиһазы өнімдері мен құрылымдары өндірісі іске қосылды.

Жобаның инвестиция көлемі — 500 млн теңге, онда 50 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын жобалаудан бастап дайын өнім шығаруға дейін толық технологиялық циклын жүзеге асырады.

Жобалық қуаттылығы жылына 7 000 жиһаз өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Жобаға «Тассай» индустриялық аймағынан 1,8 гектар жер бөлінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.