ШЫМКЕНТ: Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілді

ШЫМКЕНТ: Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілді

25 просмотров

ШЫМКЕНТ: Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілді

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев бастаған мобильді топ аудандағы бірқатар тойханалар мен қоғамдық тамақтанатын орындарды аралады. Тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлерімен бірлесе Теріскей, Шымкент-Холл, Шұғыла, Ақбастау, Мерей, Мәди, Grand bereke сынды тойханалар мен Maxi burger, Lavash center, Adana қоғамдық тамақтану орындары тексерілді.  Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жұмыстары атқарылуда.

Рейд нәтижесі бойынша карантин талаптарын бұзған 4 нысан анықталып, Әл-Фараби аудандық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.Одан бөлек ауданда құрылған 6 мобильді топ 87 нысанды аралап, 7 хаттама толтырды.

Жалпы жыл басынан Әл-Фараби ауданында 333 кәсіпкерлік нысанға хаттама түзілді. Оның 11-і жеке кәсіпкер, 2-і заңды тұлға, қалғаны жеке тұлғалар. Бірқтар түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, карантин шараларын қатаң сақтауға  шақыруда.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жұмыстары атқарылуда.
Барша қала тұрғындарын тәртіпке бағынып, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.