ШЫМКЕНТ: Ashyq қосымшасы арқылы өз мәртебеңді тексер

ШЫМКЕНТ: Ashyq қосымшасы арқылы өз мәртебеңді тексер

29 просмотров

ШЫМКЕНТ: Ashyq қосымшасы арқылы өз мәртебеңді тексер

1 шілдеден бастап Ashyq жобасы  Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан және Шу вокзалдарында енгізіліп, жұмыс жасайтын болады.

Енді станцияға кіре берісте жолаушы Ashyq қосымшасы арқылы өзінің «жасыл» немесе «көк» мәртебесін міндетті түрде растауы керек. Мұны смартфонда Kaspi.kz, Homebank, Aitu арқылы немесе вокзал қызметкеріне өзінің ЖСН көрсетуі қажет. Шетелдіктер станциядағы мәртебесін төлқұжат нөмірі бойынша тексере алады.

18 жасқа дейінгі балаларға тексеруден өтудің қажеті жоқ. Вокзалға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар жіберілмейді. Өз мәртебеңізді алдын ала www.ashyq.kz сайтындағы бейтарап QR коды арқылы тексеруге де болады.

Бұған дейін маусым айында жоба Нұр-Сұлтан, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы вокзалдарда іске қосылған болатын. Қай жерде жүрсекте Ashyq қосымшасының бақылауында боламыз. Өз түсіңізді бақылауда ұстап, карантин шараларын қатаң сақтап жүрейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.