ШЫМКЕНТ: Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері жөнінде жиын өтті

ШЫМКЕНТ: Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері жөнінде жиын өтті

15 просмотров

ШЫМКЕНТ: Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері жөнінде жиын өтті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум нысандарының басқару жүйесін таңдау және тұтынушылардың газ жабдығын қауіпсіз пайдалануы мен үй ішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету келісім шартын жасау мәселелері жөнінде жиын өтті. Жиынға аудан әкімдері мен сала жұмысына қатысты басқарма басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өткен жылы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды тапсырған болатын. Осының негізінде қалада 91 мүлік иелерінің бірлестігі, 424 жай серіктестік тіркелді.

Сондай-ақ, жиында газ мәселесі де қаралды. Қала бойынша орталық газ жүйесіне қосылған — 192 780 абонент бар. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 85 243 абонент болса, жеке сектор бойынша 100 362 абонент. Ал өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша 363 абонент, тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша 6 812 абонент.

Осы ретте қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Г. Утенбаев өткен 2020-2021 жж. жылыту маусымында авариялық-диспечерлік қызмет бөлімнің ұсынған мәліметіне сәйкес, улы газбен улануы күмәнімен, қала аумағында тұрғындар арасында өте көп фактілер орын алғанын атап өтті. Аталған оқиғалардың басты себебі тұрғындардың техникалық талаптарды сақтамауы дейді ол.

«Қала орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрғындармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 186 мың газ пайдаланушылардан 73 мың ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен қауіпсіздік шаралары үшін келісім шарт жасалды»,-деді басқарма басшысы.

Жылыту маусымына дейін тұтынушылардың техникалық қызмет көрсету келісім шартымен қамтылуын 75 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.