ШЫМКЕНТ: Автоматтандырылған газ тарату станциясының шешімі

ШЫМКЕНТ: Автоматтандырылған газ тарату станциясының шешімі

17 просмотров

ШЫМКЕНТ: Автоматтандырылған газ тарату станциясының шешімі

Шымкент қаласының «Тұран» шағынауданында жаңадан пайдалануға берілген үйлердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында көпқабатты үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу мәселесі талқыланды. Аталған кездесуге «КазТрансГаз» акционерлік қоғамы, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының газ инспекциясы бөлімінің мамандары қатысты.

Сала мамандары тұрғындарға табиғи газ жүйесі автоматтандырылған газ тарату станциясын қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана берілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, пәтерлерде газ балонын пайдалануға болмайтыны жөнінде ескертті. Қауіпсіздік шараларымен таныстырып, қаншалықты газ балонның қауіпті екені түсіндірілді. Тұрғындар бірауыздан мақұлдап, табиғи газ жүйесін сабырлықпен күтетіндерін айтып, уаде етті.

Айта кетейік, «Тұран» шағынауданында қазіргі таңда пайдалануға берілген 59 көп қабатты тұрғын үй бар. Аталған шағынаудандағы тұрғын үйлердің газ мәселесі АГТС-ті пайдалануға бергеннен кейін толық шешімін табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.