ШЫМКЕНТ: Жасыл желектерді күтіп, баптап ұстау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

ШЫМКЕНТ: Жасыл желектерді күтіп, баптап ұстау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

8 просмотров

ШЫМКЕНТ: Жасыл желектерді күтіп, баптап ұстау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп, баптап ұстау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Осыған сәйкес, ауданға қарасты Республика даңғылы, Жангелдин, Қазыбек би, Тоқаев, Рашидов, Байтұрсынов көшелеріндегі талдар мен гүлдер суарылды. Сондай-ақ талдардың қураған бұталары қырқылып, түптері әктеліп, құнарландырылып сонымен қатар қоқыстардан тазартылды.

Биыл ауданда көктем мезгілінде Жангелдина, Қалдаяқов, Жансүгіров, Терешкова көшелеріне тал егіліп, басты көшелердің бойындағы 17 420 дана ағаш түптері əктеліп, қопсытылды. Сонымен бірге, аумаққа 18 525 түп роза гүл егілді. Оған қоса, 6 370 дана тұт, емен, қараағаш сынды және 427 дана қылқан жапырақты көшет отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары кестеге сай жасалуда.

Аудан көшелерінің жайқалып тұруы үшін 166 695 дана цинния, шафран, бонанза, вербинья, гвоздика, петунья, сальвия сынды жаздық гүлдерді отырғызу жұмыстары да жүргізілді.

Айта кету керек, аудан аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарына «Build stroi» мекемесі жауапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.