ШЫМКЕНТ: Инфекциялық стационар ашылып, жұмыс жасауда

ШЫМКЕНТ: Инфекциялық стационар ашылып, жұмыс жасауда

29 просмотров

ШЫМКЕНТ: Инфекциялық стационар ашылып, жұмыс жасауда

Шымкент қаласының №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, өз жұмысын істеуде. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап, емдік шараларын жүргізіп жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап, науқастарға жағдай жасауын жіті тапсырды. Сонымен қатар, карантин шаралары толық сақталуын талап етті.

Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді.. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы жеткілікті, толық қамтылған.

Алдағы уақытта медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.