ШЫМКЕНТ: «БІР ҮЙ-БІР БІРЛЕСТІК-БІР ШОТ» қағидаты

ШЫМКЕНТ: «БІР ҮЙ-БІР БІРЛЕСТІК-БІР ШОТ» қағидаты

24 просмотров

ШЫМКЕНТ: «БІР ҮЙ-БІР БІРЛЕСТІК-БІР ШОТ» қағидаты

Шымкент қаласының аудан аумақтарында мүлік иелерінің бірлестігін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев мырза Спорт шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, «БІР ҮЙ-БІР БІРЛЕСТІК-БІР ШОТ» қағидаты туралы кеңінен түсіндіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары мен ауланың санитарлық тазалық мәселелері жайы да кеңінен сөз етілді. Аула тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестікті (ЖС) құру бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Нәтижесінде, 1 көпқабатты үй мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелді. Ал 2 аула тұрғындары қол жинау жұмыстарын жүргізуде.  Алдағы уақытта оң шешімге келеді деген сенімдеміз.

Бүгінде Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 51 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық Әділет департаментіне тіркелді. Қалған көпқабатты тұрғын үйлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.