ШЫМКЕНТ: Мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша жұмыстар жүргізілуде

ШЫМКЕНТ: Мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша жұмыстар жүргізілуде

18 просмотров

ШЫМКЕНТ: Мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Шымкент қаласының аудан аумақтарында мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қаратау ауданы әкімі аппаратында бұл мақсатта 12 учаскелік комиссия құрылып, құрамына 80 адам тартылған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың қәл-ақуалымен танысып, оң шешімін шығаруда.

Жыл басынан бері Қаратау ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 14 427 отбасы өтініш білдірген. Нәтижесінде 12 062 отбасы мұқтаж деп танылды. 2 365 отбасыға түрлі көрсеткіштегі себептермен мұқтаж еместігі жөніндегі қорытынды берілген.

Айта кетейік, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті Заңнамаға сәйкес отбасының табысы кедейлік шегінен аспайтын (2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша – 23 679 тг) отбасылар бере алады. Қазіргі таңда әртоқсан сайын комиссиялық тексеру жүргізілетін болды. Берілген өтініштер аудан әкімдігі жанынан құрылған учаскелік комиссияға жолданады. Комиссияның тексеру жұмыстары нәтижесінде оң қорытынды алған отбасыларға ғана мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады және төлем жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.