ШЫМКЕНТ: Балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды

ШЫМКЕНТ: Балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды

11 просмотров

ШЫМКЕНТ: Балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 9 спорт және балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.

Аудан әкімі Рашид Мыңбаев нысан құрылысының барысын тексеру үшін Отырар шағынауданындағы №№ 11, 12, 13/1, 13/А көп қабатты үй аулаларында салынып жатқан алаңшаларды көрді. Онда тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мердігер мекеме тарапынан ескерілетіндігін түсіндірді. Құрылыс барысымен танысқан тұрғындар, ойын алаңшаларының сапалы болуын басты назарда ұстауын өтінді. Сондай-ақ қауәпсәз болуын сұрады.

Жыл соңына дейін Әл Фараби ауданында жаңа 27 спорт және балалар ойын алаңшасы бой көтереді деп жоспарланып отыр. Оның 14-і «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында орнатылады. Ойын алаңшаларымен қатар ауланы абаттандыру жұмыстары да жүргізілетін болады.

Тұрғындардың еркін отырып демалуы үшін бастырма (беседка), жаңа орындықтар мен қоқыс алаңшалары, спортпен шұғылдану элементтері қоса орнатылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.