ШЫМКЕНТ: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

ШЫМКЕНТ: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

8 просмотров

ШЫМКЕНТ: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, өткен жылғы 26 маусымда «109» желісі арқылы «iKomek» байланыс орталығы ашылған.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Берік Бекжанов пен Ғани Ташкараев «СИТУАЦИЯЛЫҚ iKomek 109» орталығында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен және қолайсыздық туындатар мәселелермен, арыз-шағымдардың орындалу тәртібімен танысты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов және Ғани Ташқараев Шымкент қаласының ситуациялық орталығына арнайы іс-сапармен келді.
Орталық мамандары жұмыс барысымен, арыз-шағымдардың орындалу тәртібін және атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Берік Айдарбекұлы өз кезегінде орталық мамандарынан арнайы құрылған “Мониторингтік топтың” жұмысына оң бағасын берді.
Халық қалаулылары iKomek 109 қызметінің халыққа нағыз қажет, қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қала тұрғындарының қашықтықтан мәселелерін тез арада шеше алатындығын бағалап, ұсыныстарын айтып, ары қарай шағымдарды шешу жолында аянбай еңбек етуді тіледі.
Өз кезегінде Халық қалаулылары 24 сағат демалыссыз қызмет ететін Орталықта жұмыс істейтін мамандардан құрылған “Мониторингтік топтың” жұмысына оң бағасын берді.
Бұл орталық азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешумен айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.