Түркістан: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы болып өтті

Түркістан: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы болып өтті

11 просмотров

Қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессия отырысына Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №71/338-VI «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Қала әкімдігінің «Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» қаулысына келісім беру туралы.
3.Қала әкімдігінің «Түркістан қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына келісім беру туралы.
4.Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5.Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің баяндамасы тыңдалып болған соң, осы мәселеге қатысты депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды. Жауаптары қанағаттанарлық деп танылып, шығарылған шешімдер бір ауыздан мақұлданды. Алдағы уақытта да қала әкімдігі мен мәслихат депутаттары көтерілген мәселелер төңірегінде бірлесе отырып жұмыс жасайтындығы айтылып, сессия қорытындыланды.
Түркістан: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы болып өтті
Түркістан: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы болып өтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.