Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

31 просмотров

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы қала тұрғындарының мәселесіне назар аударып, өзінің кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауға Ахметова Жұмакүл есімді азаматша тұрғын үйінің құжаттарын рәсімдеу үшін көмек көрсетуін сұрап келген екен. Тұрғын үйдің шешімі шығып, арнайы жоспарды жасата алмай жүргендігін айтты. Мәселемен толық танысып «Жер қатынастары» бөлімінің маманына жолдай отырып, мәселе өз кезегінде оң шешімін табатын болды.
Утегенова Айдана есімді азаматша мамандығы бойынша фельдшерлік қызметке орналастыруын сұрады. Жалғызбасты, көп балалы ана қаржылай көмек көрсетілсе екен деген бұйымтайын да жасырмады. Мақсат Асылбекұлы жас анаға қоғамдық жұмыс ұсынып, қаржылай көмек көрсету мәселесі бойынша кәсіпкерлерге жеткізіп, демеушілік жасауға ықпал жасайтындығын айтты.
Ергешбай Ақниет алған білімі бойынша қызметке орналастыруын сұрады. Қабылдау барысында жас маманға қоғамдық жұмыс ұсынылып, алдағы уақытта өтініш иесі өз жұмысын бастайтын болды.
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.