ШЫМКЕНТ: 12 дәрігерлік амбулатория салынады

ШЫМКЕНТ: 12 дәрігерлік амбулатория салынады

10 просмотров

ШЫМКЕНТ: 12 дәрігерлік амбулатория салынады

Шымкент қаласында орталықтан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулатория салынатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласында бүгінгі таңда тұрғындарға 36 медициналық ұйым үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Алғашқы жартыжылдықта жаңа 5 медициналық ұйым ашылып, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыстар жолға қойылды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 9 млрд. теңге қаралып, медицина ұйымдарының базасын жаңарту жұмыстары 71 пайыздан 81 пайызға жетті.

Сондай-ақ, биылғы жылы 6 медициналық ұйымның ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілсе, алдағы бес жыл ішінде 10 медициналық ұйымның құрылыстары қолға алынбақ. Сонымен қатар 2023 жылға дейінгі мерзімде қала орталығынан шалғайда жатқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулатория салынатын болады.

Үшінші  мегаполисте халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында медициналық персоналдың 30 пайызын қамти отырып, Израиль, Алмания, Ресей, Литва мемлекеттерінің озық медицина ғалымдарын тарта отырып, тәжірибе арттыру дәрістерін ұйымдастыру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.