ШЫМКЕНТ: Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді

ШЫМКЕНТ: Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді

24 просмотров

ШЫМКЕНТ: Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен, 5 елді мекен кестемен, 7 елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Енді бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021 жылы 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізілуде. . Олар: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымак-2, Батыс, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Сауле, Құрсай 1-кезек, Құрсай 2-кезек.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін ауыз суды тасымалдап ішетін Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас сынды 7 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, ауыз су кестемен берілетін Жаңаталап және Сауле елді мекендерінің тұрғындарына сапалы ауыз су берілетін болады.
Нәтижесінде, қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.