САЙРАМ: Азық-түлік себеттері таратылды

САЙРАМ: Азық-түлік себеттері таратылды

30 просмотров

САЙРАМ: Азық-түлік себеттері таратылды

Ақбұлақ ауылдық округінде аудан әкімінің бастамасымен өтіп жатқан «Ауыл-Ел тірегі» 10 күндік іс-шарасы өз жалғасын тауып игі істер атқарылуда. Ауыл тұрғыны, «Нұрпромстрой» ЖШС-нің директоры Бейбіт Тынымбаевтың демеушілігімен ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған және кәмелет жасына толмаған мүмкіндігі шектеулі балалары бар 10 отбасына азық-түлік себеттерін тарту етті.

Сондай-ақ, ауыл округінде аталған акция аясында «Халық қайырымдылық қоры» ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған, кәмелет жасына толмаған мүмкіндігі шектеулі балалары бар 2 отбасына демеушілер тарапынан әр себетте 50 келіні құрайтын азық-түлік жиынтығын тарту етті.
 «Ақмаржан» сауда орталығының басшысы Ахметов Әби Нұрмышұлының демеушілігімен асыраушысынан айрылған 7 отбасына азық-түлік себеттері тарту етілді.
Игі істер «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында да өз жалғасын тапты.
Атап айтар болсақ Сайрам аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Б.Абдикаев ерекше акция өткізді. Аз қамтылған тұрмысы төмен бес отбасына азық-түлік себеті дайындалып таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.