САЙРАМ: Егіс көлемі 52 мың гектарға жетті

САЙРАМ: Егіс көлемі 52 мың гектарға жетті

10 просмотров

САЙРАМ: Егіс көлемі 52 мың гектарға жетті

Сайрам – облысымыздағы ауыл шаруашылығы өркендеген ең іргелі аудандардың бірі. Өңірде өндірілетін өнімдермен өзімізді ғана қамтып отырғанымыз жоқ, өзге аймақтарға да жіберілуде. Былтыр 89 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6%-дан асқан болатын.

Карантин режимі болса да шаруа тоқтаған жоқ. Мысалы, бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығында 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Көктемгі егіс жұмыстарының өз мерзімінде жүргізілуі нәтижесінде, былтырғы жылға қарағанда 1 жарым млрд.теңгеге артық өнім алынды. Облыс көлемінде ауданымыздың үлесі 14%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.

Жаңадан 101 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 601 га жетті. Жылыжайлардың жалпы көлемі 52 га құрады. Қарқынды бау 20 га жерге егіліп,көлемі 500 га құрады.

Биыл жалпы егіс көлемі 52 мың гектарға жеткізілді, оның ішінде 17 мың га күздік бидай, 4 мың га арпа, 5 мың га-ға жуық жерге көкөніс, 3 мың га-ға картоп егілді. Бүгінгі күнге дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары басталған, орташа түсім гектарынан 12 центнерді  құрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.