САЙРАМ: Ауданымыздың әлеуметтік картасы әзірленді

САЙРАМ: Ауданымыздың әлеуметтік картасы әзірленді

13 просмотров

САЙРАМ: Ауданымыздың әлеуметтік картасы әзірленді

Сайрам ауданымызды облыс көлемінде ғана емес, республика көлемінде алдыңғы қатарлы аймақтар қатарынан көрсету үшін халық арасындағы ынтымақты, бірлікті сақтай білу аса маңызды. «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген бабаларымыз. Бірнеше ұлттың басын біріктірген біздің ауданда бұл мәселенің шешімін табу үлкен жауапкершілікті талап етері анық. Қолға алынған үлкен істердің арқасында ауданымыздың ішкі саяси жағдайы тұрақты.

Тұрғындардың жай-күйін жақсарту бұл бағыттағы жасалған үлкен қадам. Сол себепті былтырғы жылы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ауданымыздаығ барлық елді мекендер бойынша өзекті мәселелерді қамтамасыз ету мақсатында Сайрам ауданының әлеуметтік картасы әзірленген. Бұл картада жалпы 122 өзекті мәселе қамтылып, олардың шешілуі бойынша жасалатын жұмыстар тұрақты түрде бақылауға алынған.

Бұл аталған мәселелердің шешілу біршама қиындықтардың алдын алуға өз септігін тигізеріне сенім мол. Сондықтан да, аудан әкімі жауапты тұлғаларға үлкен ұқыптылықпен қарауға тапсырма беріп, өзінің де үнемі назарына алып отырғанын жасырған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.