САЙРАМ: Нақты қадамдар мен ауқымды істердің арқасы

САЙРАМ: Нақты қадамдар мен ауқымды істердің арқасы

60 просмотров

САЙРАМ: Нақты қадамдар мен ауқымды істердің арқасы

Сайрам ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы бүгінде  тұрақты дамуда. Еліміздегі пандемиялық ахуалға қарамай, аудандағы барлық салаларда айтарлықтай өсім мен жетістіктерге жетуіміз – аудан тұрғындарының  ынтымақшыл, еңбексүйгіштігінің жемісі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толмақ. Бұл айтулы белес жас мемлекетіміз үшін айтарлықтай жетістік. Өткен 30 жылда еліміздің әлемдік аренадағы абыройы артып, бағындырған белестері көп. Мұның барлығы нақты қадамдар мен ауқымды істердің арқасында. 2020 жыл да еліміз үшін елеулі даталарға толы болды. Коронавирус індетінің кесірінен туындаған қиындықтарға қарамастан, Әл – Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойлары Республикалық деңгейде аталып өтті. Сайрам ауданында да бұл жылы әр түрлі талаларда өсім мен жетістіктер жылы болды десек қателеспейміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген сөзді жиі айтып, үш онжылдықтағы жетістіктердің қандай еңбекпен келгенін ел есінен шығармауға барын салуда. Ал, төртінші онжылдық нағыз тәуекелдер кезеңі екенін де есінен шығарған жоқ. Қазіргі күрделі жағдай кезіндегі басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу болып табылады. Сайрам ауданында да бұл мақсаттардың орындалуына нақты қадамдар жасалатынын мәлімдеді аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.