САЙРАМ: Көптеген аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

САЙРАМ: Көптеген аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

24 просмотров

САЙРАМ: Көптеген аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

Сайрам ауданының экономикасына серпін беретін негізгі салалардың бірі — өнеркәсіпте былтырғы жылы  30 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 5,6%құрады.

Түркістан облысындағы барлық сала бойынша көш басындағы үздіктер қатарынан түспейтін Сайрам ауданында жұмыс жасап тұрған зауыт – фабрикалар жыл санап артып келеді. Бұл ауданның экономикалық жағдайын тұрақтандырып қана қоймай, көптеген аудан тұрғындарын жұмыспен де қамтуға әсерін тигізіп отар.

2015 жылы іске қосылған «Южно – Казахстанкий завод полимерных труб» ЖШС де облысымызда ғана емес, ел көлемінде өз орынын айқындап үлгерген мекеме. Пластикалық құбырларды шығару және сатумен айналысатын кәсіпорын аудандағы Ақсу ауылы, Қарабұлақ тас жолы бойында орналасқан. Мұнда пластикалық бұйымдардан бөлек, резеңке бұйымдарды да шығарады. Жобаның қуаттылығы да жоғары. Дәлірек айтар болсақ, 10,0 мың тоннаны құрайды. Шикізатты «Полиолефин – ТЛК» ЖШС, «Полиметр Техноложи» ЖШС-нен алатын зауыттың тауарлары ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие. Қазіргі таңда мұнда 33 адам жұмыс жаса жатыр. Аталған мекеме жеке қаржыға және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске қосылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.