САЙРАМ: Болашақ жеңімпаздарды дайындайтын орын боларына сенім мол

САЙРАМ: Болашақ жеңімпаздарды дайындайтын орын боларына сенім мол

5 просмотров

САЙРАМ: Болашақ жеңімпаздарды дайындайтын орын боларына сенім мол

2021 жылғы 6 айда ауданда 99 бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған, соның дәлелі Қарасу ауылында ашылған жекеменшік «Достық» спорт кешені де болашақ жеңімпаздарды дайындайтын орын боларына сенім мол. Бұл жерде самбо, дзюдо, таэквандо, ауыр атлетика сынды спорт түрлерімен айналысуға бар жағдай жасалған. Бір мезетте 50-60 адамның спортпен айналысуына мүмкіндік бар. Спорт кешенінің жалпы құны 80 млн. теңгені құрайды. 2018 жылы ғана пайдалауға берілген нысанда 20 азамат жұмыспен қамтылған. «Біз салауатты өмір салтын ұстанғысы келетіндерге бар жағдайды жасауға әзірміз»- дейді кешен иесі Айнұр Оразымбетова.

Қазақстан спорттың қай түрінен болса да әлемдегі үздіктер қатарына қосылып келеді. Тәуелсіздік алған 30 жылдың өзінде біздің спортшыларымыз бірде-бір олимпиада ойындарынан жүлдесіз қайтқан емес. Бұл үлкен мектептің қалыптасқанының көрінісі десек әбден жарасымды. Жаңа чемпиондарды тәрбиелеу жұмыстары да күшейіп келеді. Жыл сайын еліміздің әр өңірінде ашылып жатырған спорт кешендері, алаңдар, жаттығу залдары осының дәлелі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.