САЙРАМ: Ел көлемінде танымал шаруа қожалығы етті бағытта мал бордақылау алаңына айналған

САЙРАМ: Ел көлемінде танымал шаруа қожалығы етті бағытта мал бордақылау алаңына айналған

9 просмотров

САЙРАМ: Ел көлемінде танымал шаруа қожалығы етті бағытта мал бордақылау алаңына айналған

Сайрам – облысымыздағы ауыл шаруашылығы өркендеген ең іргелі аудандардың бірі. Өңірде өндірілетін өнімдермен өзімізді ғана қамтып отырғанымыз жоқ, өзге аймақтарға да жіберілуде. Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту бірегей жолға қойылған. Пандемия салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан бұл ауданда мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында үлкен өзгерістер орын алып, жаңа белестер бағынған. Сөзіміздің дәлелі ретінде өткен жылғы ауыл шаруашылығында өндірген өнім көлемі 6,2 % — ға артып, облыс деңгейінде екінші орынды иемденген. Ал, дәстүрге айналған «Алтын күз» байқауында Сайрам ауданы бірқатар сала бойынша үздіктер қатарынан табылған.

2011 жылы ашылған «Хаят» шаруа қожалығы да осы саланың тіс қаққан шеберлері қатарында. Мал бордақылаумен айналысатын қожалық Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылдық округінде орналасқан. Мекемеге Аликулов Зиятулла иелік етеді. Қазіргі таңда жоба құны 400 млн. теңгеге бағаланып отыр. Мұнда өндірілетін өнім көлемі жылына 350 тоннаға жеткен. Ел көлемінде танымал шаруа қожалығы етті бағытта мал бордақылау алаңына айналған. Бүгінгі күні бес азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, 600 бас ірі қара мал ұстап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.