САЙРАМ: Елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын таныстырған жоба

САЙРАМ: Елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын таныстырған жоба

15 просмотров

САЙРАМ: Елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын таныстырған жоба

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық аясында ауданда «Ауыл – ел тірегі» жобасы  іске қосылды.

Жобаның мақсаты – аудан аумағындағы әрбір елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын танысып, өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Он күндік іс-шарасында аудан әкімі, оның орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары тарапынан ауыл тұрғындарымен кездесулер және жеке қабылдаулар өткізіледі.

Сайрам ауданының Қайнар бұлақ ауылдық округінде жалғасын тапты. Жоба аясында көптеген іс-шаралар қолға алынып, қызыққа толы басқосулар болды. Жалпы, жоспар бойынша 11 мың тұрғыны бар Қарамұрт ауылдық округінде он күндік барысында 106 шара өткізу көзделген. Бұл жайында аудан әкімінің орынбасары Ш. Убайдуллаев төрағалық еткен мәжілісте аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесіның басшысы М.Нұрлыбаев баяндаған болатын.

Жоспарға сәйкес, ауылдық округке қарасты табиғи газ желілері жүргізілген Қасымбек датқа, Әсіларық пен Ошақты елді мекендерін табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіліп, «Ардагерлер аллеясы» аумағын абаттандыру, ауылдық округке қарасты барлық елді мекендердегі тозығы жеткен трансформаторлырды ретке келтіру, аумақты ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету сынды жұмыстар қаралып, сметалық құжаттары дайндалған. Сонымен қатар, Қайнар бұлақ ауылдық округінде 4 каналды жалпы көлемі 10 шақырым бөлігін механикалық тазалау жүзеге асырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.