САЙРАМ: Кәсібіңді дөңгелетемін деушілер үшін әр түрлі мүмкіндіктер ұсынылып отыр

САЙРАМ: Кәсібіңді дөңгелетемін деушілер үшін әр түрлі мүмкіндіктер ұсынылып отыр

33 просмотров

САЙРАМ: Кәсібіңді дөңгелетемін деушілер үшін әр түрлі мүмкіндіктер ұсынылып отыр

Елімізде өз бизнесін дөңгелетемін деушілер үшін әр түрлі мүмкіндіктер ұсынылып отырғаны белгілі. Жыл сайынғы берілетін қайтарымсыз несиелер, салықтан босату, қаржылай гранттар секілді жүлделер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына үлкен әсерін тигізгені сөзсіз. Бұл мүмкіндіктерді Түркістан облысындағы Сайрам ауданының тұрғындары да барынша пайдаланып отыр. Соның нәтижесінде соңғы жылдары ауданда жеке кәсіпкерлер саны біршама артқан. Жуырда ғана аудандағы Ақсукент ауылында орналасқан «Истоки Добра» қоғамдық бірлестігінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбегі еленіп, мемлекеттің арнайы грантын жеңіп алған.

Бірлестік «Қоқысты – табысқа!» атты жобаны 2020 жылғы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан өткізілген сараптауға ұсынған. Арнайы комиссия шешімімен жеңімпаз атанған. «Истоки Добра» ҚБ – нің жетекшісі Владислав Голярко еткен адал еңбектің елеусіз қалмайтынын айтып, өзгелерді де өз жобаларын іске асыруға шақырып, Үкімет берген мүмкіндіктерді пайдаланут керек екенін айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.